Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 479 «Өскемен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 700 Қаулысы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 479 «Өскемен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8818-16 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өскемен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
2026 жылғы 23 ақпандағы
№ 700 әкімдік қаулысына
қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 479 қаулысымен
бекітілген